Бішкекте автогаз тапшылығына Қазақстан көмек көрсетеді
Соңғы аптада Бішкек қаласы автогаздың айтарлықтай тапшылығын сезінді. Көптеген жанармай құю бекетінде газ таусылып, қалғандарында ұзын-сонар кезектер пайда болды. Бұл туралы қырғызстандық Kaktus media хабарлады.
Ассоциация мәліметінше, автогаздың тасымалына қажетті цистерналардың аздығы Ресей теміржол жүйесінде логистикалық қиындықтар туғызған. Бұл мәселе газ жеткізу кестесін кешіктірді.
Соңғы жылдары автогаздың бағасы бензинге қарағанда айтарлықтай төмен болғандықтан, сұраныс едәуір өскен. Әсіресе, Бішкекте бұл газбен жүретін көліктер жолаушы тасымалдау қызметінде кеңінен қолданылады.
Ассоциация өкілдерінің мәлімдеуінше, Қазақстан аумағынан жеткізіліп жатқан автогаз көлемі жақын күндері Қырғызстанға жетеді. Бұл мәселені толықтай шешуге көмектеседі деп күтіліп отыр. Қазақстан темір жолдары жеткізілімдердің кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге қолдау көрсетіп жатыр.
Осыған ұқсас мәселелерді Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан да бастан кешіп отыр. Бұл ортақ логистикалық проблемалардың салдары екені айтылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі Қазақстанның ішкі нарығын автогазбен толық қамтамасыз ете алмай отырғанын растаған еді. Өйткені елде сұйытылған газға деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, ресми мәлімет бойынша 2023 жылы сұйылтылған газға дейін сұраныс 14% өсіп, 2,2 млн тоннаға жеткен. Ал газбен жүретін көлік қатары кейінгі үш жылда 1,5 есе көбейді.