Астанада бірнеше жоғары оқу орнында сабақ форматы өзгереді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Астанада бірнеше жоғары оқу орнында сабақ форматы өзгереді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

27-28 қараша күндері Астанада ҰҚШҰ саммитінің өтуіне байланысты бірнеше жоғары оқу орнында сабақ форматы өзгертіледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, 4 университет сабақтарын толықтай онлайн форматта өткізеді, 2 университет ішінара қашықтан оқуға көшеді, Бірінші триместрді аяқтаған 2 университет демалысқа шығады, 5 жоғары оқу орны студенттері сабақтарын офлайн форматта жалғастырады.

Министрлік өкілдері әрбір жоғары оқу орнының академиялық саясатына сәйкес шешім қабылдау құқығы бар екенін атап өтті.

Бұл өзгерістер Астанадағы саммит кезінде қозғалысты реттеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Студенттерге сабақ кестесіндегі жаңартулар туралы өз оқу орындарының ресми хабарламаларын қадағалау ұсынылады.

Сондай-ақ оқыңыз