Түркістанда шекарадан заңсыз өтуге көмектесетін топ шетелдіктерге жалған сот қаулыларын берген

Жарияланды
фото: kursiv.media архивінен

Түркістан облысында заңсыз миграциямен айналысқан топ ұсталды. Облыстық ПД қызметкерлері тоғыз адамды тұтқындады. Күдіктілер шекараны кесіп өткендерге заңсыз сот қаулыларын берген. Одан бөлек осы құжатты пайдаланып елге кірген он шетел азаматы республика аумағынан шығарылды.

«Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жай анықталады», – деп жазды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері шекара бекеттерінде жалған валюта айырбастау деректерін тексерді. Жүк көліктерін жүргізетін адамдармен заңсыз іспен айналысудың зардабы зор болатынын ескерткен.

ҰҚК Шекара қызметі республика бойынша қазан айында шекарадан өту заңнамасын бұзған 4600-ден астам адамды ұстаған.

Сондай-ақ оқыңыз