Қуандық Бишімбаев Нүкеновтар отбасына моральдық шығын ретінде 10 млн теңге төлейді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор АЗтам Зиперов

Қуандық Бишімбаев Нүкеновтар отбасына 1,5 млрд теңге моральдық шығын төлемейді. Астана сот алқасы бұған дейінгі шығын көлемін өзгертпеу туралы шешім шығарған. Осыған дейін Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді өз қарындасының өлімі үшін 1,5 млрд теңге моральдық өтемақы талап еткен.

«Іс материалдарынан белгілі болғандай, заңды күшіне енген айыптау үкімі бойынша жауапкер талапкердің қарындасын өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Марқұмның ағасы бұл қайғылы оқиға салдарынан моральдық азап шеккенін, денсаулығының нашарлағанын және жұмысқа қабілеттілігін жоғалтқанын мәлімдеді. Бірінші сатыдағы сот жақын туысының қайтыс болуы, сөзсіз, талапкердің моральдық жағдайына теріс әсер еткенін және оның жеке мүліктік емес құқығын бұзғанын атап өтті. Сот талапты әділет қағидаттарын басшылыққа ала отырып, ішінара қанағаттандырды», – деп жазылған хабарламада.

20234 жылдың қыркүйегіндегі сот шешімімен Бишімбаев моральдық зиян үшін – 10 млн теңге және қылмыстық іс бойынша 6,88 млн теңге шығынды өтеуі тиіс.

Бұған дейін Айтбек Амангелді апелляцияға жүгініп, моральдық шығын өтемақысын 1,5 млрд теңгеге дейін арттыруды талап еткен. Алайда сот оның өтінішін орынсыз деп тапқан.

2024 жылғы 13 мамырда Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 24 жылға сотталды. Ол мерзімін қатаң режимдегі колонияда өтеп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз