Forbes тізіміндегі миллионердің туыстары Алматы әкімдігіне 4,77 миллиард теңгеге 100 мектеп автобусын сатқан

Жарияланды
Родственники миллионера из списка Forbes продали Алматы 100 школьных автобусов за 4,77 млрд тенге
Алматы әкімдігі мектептерге 100 автобус сатып алды/ фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Милош Муратовский

Алматы әкімдігі QazTehna компаниясынан 100 мектеп автобусын сатып алды. Компанияның жанама құрылтайшылары – қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев пен дәулеттілердің санатына енген Сергей Канның туыстары.

Қала әкімдігі осымен балаларды мектепке тегін тасымалдайтын автобус санын 200-ге жеткізді. Былтыр жергілікті бюджеттен 100 автобус сатып алуға 6,1 млрд теңге бөлінген. Қаладағы 30 мектепке 8 мың бала автобуспен барып жүр.

«Автобусы бар мектеп» жобасы бойынша  2024 жылы да шаһар 4,77 млрд теңгеге 100 автобус сатып алды. 23 мектепке 6 мың оқушыны тасымалдайды.

«Оқушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін әр мектеп үшін егжей-тегжейлі маршрут сызбасы әзірленді. Қалалық ұтқырлық басқармасы отандық Yutong автобустарын сатып алды. Автобустар қауіпсіздік стандарттарына сай жабдықталған, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған пандус орнатылған. Креслолары ыңғайлы. Одан бөлек рюкзактар қоюға арналған орын бар. Көлік 21 орынға арналған», – деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Автобустар QazTehna компаниясынан сатып алынған. Оның құрылтайшылары, eGov ақпаратына сәйкес, Оңай Рау және Genco International.

Genco International 2024 жылғы Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендер рейтингінде тоғызыншы орында тұрған Qarmet компаниясының иесі және ALLUR-дың негізгі акционері Андрей Лаврентьевқа тиесілі.

«Оңай Рау» Ольга Нигайға, сондай-ақ Сергей Канның ағасы мен ұлы – Виталий мен Илья Кандарға тиесілі. Forbes Сергей Канның байлығын 2024 жылы Қазақстан Республикасының ең бай бизнесмендері рейтингіне енгізіп, 31-ші орында деп бағалады. Кан ОАЭК пен ОАӨЭК (соңғысында – 50%, ал қалған жартысы Александр Клебановқа тиесілі), Rixos Almaty және басқа компаниялардың акцияларына ие.

Сондай-ақ оқыңыз