Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті ақша қайтарумен айналыса ма?

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті ақшаны қайтара ма? / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті құмар ойындардан ұтылған азаматтардың ақшасын қайтарумен айналыспайды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Комитеттің хабарламасына сәйкес, борышкерлердің бірыңғай тізімінде тіркелген азаматтарға құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға тыйым салынған. Заң бойынша, заңсыз қатысу анықталса, ойын бизнесін ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, алайда бұл ақшаны қайтаруға қатысты шараларды қарастырмайды. Егер қаражатты қайтару мәселесі туындаса, азаматтарға сотқа жүгіну ұсынылады.

«Комитет букмекерлік кеңселердің шоттарына аударылған қаражаттарды қайтарумен айналыспайды және мұндай қызмет көрсетуге уәкілетті емес. Егер қаражатты қайтаруға қатысты даулар туындаса, азаматтарға:

Сотқа дейінгі реттеу субъектілеріне жүгіну немесе азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес, сотқа шағымдану ұсынылады», делінген хабарламада.

Бұған дейін, «Курсив» лудоманияның жеке адамнан бастап күллі қоғамға қалай әсер етіп жатқаны туралы отбасылық психолог Ержан Мырзабаевпен сұхбат жариялаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз