Telegram KZ компаниясы Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелді
Telegram KZ Ltd. Компаниясы ресми түрде Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелді. Ақпарат орталықтың сайтында жария болған.
28 қарашада тіркелген компанияның жалғыз акционері Альмира Аманжолова есімді азамат. Ол туралы ашық дереккөздерде ақпарат жоқ. Ол компанияның акционері ғана емес, бас директоры қызметінде атқарады. Құрылтайшылар туралы ақпарат та жария етілмеген.
«Telegram компаниялар тобының жергілікті жобаларын қолдау қызметі. Бағдарламалық өнімдерді, электрондық ақпараттық ресурстарды, мобильді және басқа қолданбаларды пайдалану үшін қамтамасыз ету және веб-порталдардың қызметі», – деп көрсетілген компанияның мақсаты туралы ақпаратты.
Компания Астана қаласында Нұра ауданында тіркелген. Компания акцияларының құны 10доллар. Қазіргі таңда 100 акциясы орналастырылған.
Қазақстанда Telegram-ның ресми кеңсесі ашылатыны туралы оcыған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Жаслан Мәдиев айтқан еді.