Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін ғылыми-танымдық Qalam порталында жарияланған материалдар топтамасын ұсынамыз. Осы аптада: Гай Серегиннің «Барлық жолдар Римнен басталады» танымдық мақаласымен, әлемнің жаңа жеті кереметіне кіретін қытай императоры Цин Шихуаңди туралы Арина Федорованың көркем жазбасымен таныс боласыздар. Ольга Гумированың өзгеше Алақан пішінді құпия петрогливтердің сырлы да тылсым құпиясына қанығасыз және Qalam порталында ашылған жаңа фотоархив айдарында 1860-шы жылдардағы Өзбекстандағы мақта өндірісінің кейбір кезеңдерімен таныс боласыз. Осы жауһар жазбаларды оқып, көзайым болыңыз.
Барлық жолдар Римнен басталады
Ежелгі Римдегі жолдардың рөлін әсіре бағалау мүмкін емес. Бастапқы кезде римдіктер жолдарды әскери мақсатта сала бастаған. Осы тұста жол сапасының мінсіз болғанын тілге тиек еткен жөн. Бірақ империя шекарасының кеңеюіне байланысты жолдардың қызмет аясы да ұлғая берген. Ендігі жерде жолдар жаңа қосылған провинцияларға бақылауды арттыруға септесіп, ақпарат тарататын желіге және сауда-саттық жүретін негізгі күре жолға айналды. Рим ұлғая берді және империя жұрты мінсіз ойластырылған жол жүйесінің арқасында күнін көріп, жайлы өмір сүрді.
«Неліктен рим жолдары өте сапалы болған» деген сұраққа жауап тапқыңыз келсе сілтемеге өтіңіз.
Цин Шихуанди
Қытайды біртұтас мемлекет қылып біріктірген алғашқы император, орасан зор құрылыс жобаларының бастамашысы және өлі жауынгерлер армиясының иесі Цинь Шихуаңди – мәңгілікті іздеп, өмірін сол мақсатқа арнаған аңыз тұлға.
Сонымен Цин Шихуаңди Қытай тарихында несімен ерекшеленді? Оны шынымен де тек қатал билеуші деп қарастыруға бола ма, әлде ол өз заманынан озып туған данышпан ба? Осы тақылеттес қызықты сұрақтарға сайтымызға кіріп жауап таба аласыз.
Алақан петроглиф
Қаратау тастарындағы адам қолының бейнесін табу қиын. Бұл тек Жыңғылшық петроглифтерінің шоғырланған жері Қаратау қорығында орналасып, туристерді кіргізбеуімен ғана емес, бұта мен ағаш қаптаған ұзақ әрі бұралаң шатқал жолымен де байланысты.
Егер Қаратау тауларында ежелгі адамның тасқа қашап салған алақан бейнесіне қолыңды тигізсең, тұңғиық тарих қойнауына бойлап, әп сәтте сол замандағы шаман-суретшімен қол алысқандай сезім кешесің. Міне, бұл ерекше алақан суреті – бүгінге қол созған бағзы заман ишарасы.
Мақта өндірушілер
«Мың рет естігеннен бір көрген артық» деген халқымыздың ерекше тағылымы бар. Сол себепті Qalam оқырмандарды әртүрлі дәуірден бізге жеткен деректі фотосуреттердің тарихынан сыр шертетін жаңа бір айдар қосты. Бұл жолы сіздерге 1860 жылдары Өзбекстандағы мақта өндірісінің кейбір кезеңдерін көрсетеміз. 19 ғасырдағы мақта өндірісінен тың ақпараттар беретін деректі сұлу сүгіреттермен таныс боласыз.