Миллионер Айдын Рахымбаев Дубайда үлкен апартамент салады
BI Group кезекті шетелдік жобасы – Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Dubai Islands жасанды аралдарында орналасқан апартаменттердің сатылымы басталатынын жариялауға дайындалып жатыр. Бір жарым ай бұрын қазақстандық девелопер АҚШ-та салған үйлерін сата бастаған.
BI Group компаниясының негізін қалаушы және төрағасы Айдын Рахымбаев Instagram парақшасында: «BI Group-тың даму стратегиясы 10 жыл ішінде 10 елді қамтиды» деп жазады.
2024 жылға қарай компания Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан және Украинада жобаларды жүзеге асырды. Қазан айының басында девелопер АҚШ-та бірнеше жобаны қолға алғанын жариялады. БАӘ – BI Group-тың құрылыс салатын жетінші елі. Компанияның даму бөлімі қалған үш елді әлі анықтамаған.
BI Group-тың Дубайдағы жобасы
BI Group Дубайдағы жобасын желтоқсан айының басында ұсынбақ. Алайда Kursiv.Мedia ресми сатылым басталғанға дейін кейбір мәліметтерді тауып көрді.
Девелопер қазір Dubai Islands жасанды аралдарының ішіндегі ең ірісі – Central Island аралында (бұған дейін Deira Islands және Palm Deira деп аталған) болашақ көпқабатты ғимараттардың іргетасын қалап жатыр.
Орталық аралдың солтүстік жағалауының бірінші қатарына теңіз көрінісі ашылатын үш сегіз қабатты Flora мұнарасы салынады. Олардың ішінде «ландшафт бассейні» де қарастырылған. Оңтүстік-шығыс жағында «сәнді минимализм» стилінде салынған Canal One and Harbour деп аталатын екі 14 қабатты мұнара бой көтереді. Бұл мұнаралардың жоғарғы қабаттарынан арал мен құрлық арасындағы канал мен айналадағы көрініс көрінеді деп болжанған.
BI Group-тың Дубайдағы жобасына кіру құны шамамен 65 000 долларды құрайды. Бұл – Canal One немесе Harbour жобаларының бір бөлмелі пәтеріне бастапқы төлемі (62 шаршы метрден басталады). Инвесторлар құрылыс кезінде қосымша 260 000 доллар төлеуі қажет. Flora жобасында кеңірек пәтерлер де ұсынылады (77 шаршы метрден бастап), ал олардың бір шаршы метрі 7,300 доллардан кем емес.
BI Group сату бөлімінің түсіндіруінше, бастапқы жарна 20% және 4% жер салығын қамтиды. Құрылыс кезінде қосымша 30% төленеді. Қалған 50% кілтті алған кезде төленеді.
BI Group-тың Дубайдағы серіктесі
BI Group Дубай жобаларын салу және сату үшін жергілікті Prestige One девелоперімен серіктестік орнатқан. Бұл компания жерді мемлекетке тиесілі Nakheel девелоперінен сатып алған және пәтер сатумен айналысады. Мысалы, Flora жобасындағы сатылымның басында BI Group 252 пәтердің тек әрбір жетіншісін, яғни 34-36 пәтерді сатуды жоспарлап отыр.
Мемлекетке тиесілі Nakheel 2004 жылдан бері жасанды архипелагты дамытып келеді. Алғашында бұл аралдар Palm Jumeirah-ты толықтыруға арналған, алайда 2007-2008 жылдардағы қаржы дағдарысы жобаны тоқтатты. Қазір аймақта құрылыс қайта жанданып, девелоперлер биік ғимарат, вилла мен таунхаустар салып жатыр.
BI Group жобасының бағасы – шаршы метріне 5 300- 5 500 долларға дейінгі аралықта . Бұл Дубай аралдарындағы басқа жобалармен салыстырғанда, арзандау саналады. Мысалы, Treppan Living жобасы бір шарты мертдің құны бастапқыда 6 800 доллардан басталып, қазір 8 900 доларға жетті.