Алеппо қаласының жартысын сириялық содырлар басып алды

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Фото: Getty Images / Izzettin Kasim / Anadolu

Сирияның солтүстік-батысында орналасқан Алеппо қаласында жағдай ушығып, «Хайят Тахрир аш-Шам» (ХТШ) радикалды тобы қаланың жарты аймағын басып алды. Бұл туралы BBC агенттігі жазады.

Сирия үкіметінің әскері еш қарсылық көрсетпестен, қаладан шегінген. Ұлыбританияда орналасқан адам құқықтары бойынша обсерватория (SOHR) мәліметі бойынша, қараша айының соңындағы шабуылдар салдарынан 277 адам қаза тапты. Соның ішінде 20-дан астам бейбіт тұрғын опат болған. Әуежай пен қалаға апаратын барлық жол жабылды, бұл қала тұрғындарының эвакуациясын қиындатты.

Бұл шабуылдар соңғы жылдары Сириядағы үкімет күшіне қарсы ұйымдастырылған ең ірі операция аталады. 2016 жылы Башар Асад үкіметі Ресей мен Иранның қолдауымен Алеппоны толығымен бақылауға алған болатын.

«Хайят Тахрир аш-Шам» қарулы тобы – «Әл-Қаиданың» сириялық филиалы «Джебхат ан-Нусра» құрамынан шыққан жиһадшылар тобы. Топ әлемнің көптеген елімен қатар, Қазақстанда да террористік ұйым ретінде танылған.

Ресей мен Сирия әскерилері содырларға қарсы әуе шабуылдарын ұйымдастырып, 200-ге жуық содырдың көзін жойғанын мәлімдеді. Ресейдің әскери министрлігі «экстремистік күштерді» нысанаға алғанын хабарлады.

Сирия содырлары Алеппоға шабуыл бастағанда, ел президенті Ресейге ұшып кеткен болатын. Ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездеспек.

Сондай-ақ оқыңыз