Яндекс Таксидің Қырғызстандағы кеңсесінде қауіпсіздік комитеті тінту жүргізді

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті «Яндекс-Такси» компаниясы мен оның серістестерінің кеңсесінде тінту жүргізді. Компания ірі салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген. Алайда KursivМediа-ға берген жаубында компания өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді.

Kaktus.media басылымының хабарлауынша, Қырғыз қауіпсіздік комитеті 29 қараша күні «Яндекс. Такси Корп» мен серіктестерінің кеңсесінде тінту жүргізген. Компания ірі мөлшердегі салық төлеуден жалтарды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

«Яндекс.Такси Корп» ЖШС мен оның серіктестері, Антимонополиялық реттеу қызметінің бірнеше рет қабылдаған шараларына қарамастан, жеке такси қызметін көрсететін жүргізушілерге қойылған пайыздық мөлшерлемені негізсіз көтерген», — деп хабарлады комитет.

Алайда компания Қырғыз қауіпсіздік комитетінің айыбымен келіспейді. Яндекс Такси компаниясы («Яндекс.Такси.Корп» ЖШҚ) Қырғыз Республикасы заңнамасына толықтай сәйкес жұмыс істеп, тиісті салықтың бәрін толық көлемде төлеп келеді деп мәлімдеді.

«2023 жылы Яндекс Қырғызстанда 328 миллион сомнан астам салық төледі, ал 2024 жылдың алғашқы алты айында бұл көрсеткіш 222 миллионнан астам сомды құрады», делінген жауапта.

Сонымен қатар компания » ЭжКМ жанындағы Монополияға қарсы реттеу қызметі тарапынан бірнеше рет қабылданған шаралардың не туралы екенін білмейміз» дейді.

«Бізге Монополияға қарсы реттеу қызметінен жүйелі түрде түрлі сұраныс түсіп отырады. Оларды біз заңда белгіленген тәртіпке сәйкес қарастырамыз. Қырғызстанда сервиске қол жеткізу сыйақысы 10%-дан басталады, ал астанадағы жоғарылатылған тарифтерде ҚҚС және ЖТС-ны қоса есептегенде сыйақы 17%-дан аспайды. Елдегі сервис сыйақысы 2023 жылдың ақпанынан бері өзгерген жоқ», – деді компания баспасөз қызметі.

Қазір Қырғызстанда Яндекс Такси сервисі жұмыс істеп тұр. Ал компания құқықтық жолмен өз беделін қорғамақ.

Бұған дейін Қазақстандағы Яндекс Go жетекшісі Тимур Байдүйсен жауын-шағын күндері неге такси бағасы шарықтап кететінін түсіндірген. Оның айтуынша, ауа райының құбылуына байланысты такси бағасының шарықтап кетуі екі факторға байланысты болады. Біріншісі, таксиге тапсырыс беруші адамдардың күрт артуы, екінші сол маңдағы такси жүргізушілерінің аз болуы.

Сондай-ақ оқыңыз