ҚТЖ желтоқсанның мереке күндеріне орай 3 бағыт бойынша қосымша пойыздар шығарады
«Қазақстан темір жолы» желтоқсан мерекелеріне орай қосымша пойыздар шығарады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатында Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша пойыздарды іске қосады»,- делінген баспасөз хабарламасында.
Қосымша пойыздар мына бағыттар бойынша жүреді:
№201/202 «Астана-Алматы» пойызы:
- Астанадан пойыздар 2024 жылдың 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары күндері қатынайды.
- Алматыдан пойыздар 2024 жылдың 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсаны, 2025 жылдың 2, 5 қаңтары күндері жүреді.
№203/204 «Астана-Шымкент» бағытындағы пойызы:
- Астанадан: 2024 жылдың 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары күндері шығады.
- Шымкенттен: 2024 жылдың 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсаны, 2025 жылдың 2, 5 қаңтары күндері жүреді.
№205/206 «Ақтөбе-Астана» бағаты бойынша жүретін пойыз:
- Ақтөбеден: 2024 жылдың 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары күндері қатынайды.
- Астанадан: 2024 жылдың 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсаны, 2025 жылдың 3, 6 қаңтары күндері жолаушы тасымалдайды.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымша пойыздардың барлығында купе және плацкарт вагондары бар.
Бұдан бөлек, 13 желтоқсаннан бастап қосымша электр пойыздары іске қосылады. Олар Бурабай курорттық аймағына демалыс күндері қатынамақшы. «Қарағанды-Астана-Бурабай курорты» бағытындағы электрпойызы жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді. Дәл осы күндері «Павлодар-Астана-Бурабай курорты» бағытында жүретін электрпойызы жолаушы тасымалдайды.