Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Алматы облысының тауларында қар көшкіні қауіпі бар. Осыған орай Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
«Алматы облысының тауларында 2024 жылғы 2-5 желтоқсан аралығында көшкін қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан, қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шарасын сақтауды сұрайды», – делінген хабарламада.
Қар көшкіні қауіпі 55 учаскеде болуы мүмкін. Оның ішінде Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандары аталған.
Биыл наурыз айында Алматыдағы «Pioneer» тау шаңғы курортының маңында қар көшкіні жүрген еді. Жыл басында да Еңбекшіқазақ ауданында қар көшкіні жүріп «Түрген ауылы – Батан» автожолын бөгеп қалған болатын.