Оңтүстік Корея елінің оппозициясы президент Юн Сок Ёл отставкаға кетпесе, импичмент жариялайтынын мәлімдеді

Жарияланды
Оңтүстік Корея оппозициялық партиясы президент Юн Сок Ёлге импичмент жариялайтынын мәлімдеді / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Сәрсенбі, 4 желтоқсан күні, Оңтүстік Корея елінің негізгі оппозициялық Демократиялық партиясы елде әскери жағдай жариялағаны үшін президент Юн Сок Ёлдің дереу орнын босатып, отставкаға кетуін талап етті. Бұлай етпеген жағдайда президентке импичмент жарияланатынын мәлімдеді. Бұл туралы Корея басылымдары хабарлады.

Демократиялық партия өкілдері Президент өз еркімен отставкаға кетпесе, оған қарсы дереу импичмент процедурасын бастайтынын Ұлттық ассамблея заң шығарушыларының кезектен тыс отырысында ескерткен.

«Юнның әскери жағдай жариялауы Конституцияны айқын бұзу болып саналады», – деп мәлімдеген партия өкілдері, президенттің әскери жағдай жариялағанда талаптарды бұзғанын атап өткен.

Оппозиция бұл жағдайдың президентке импичмент жариялауға негіз бола алатынын алға тартады.

Айта кетейік Оңтүстік Корея президенті Юн сейсенбі, 3 желтоқсан күні кешке теледидар арқылы мәлімдеме жасап, елде әскри жағдай енгізетінін мәлімдеді. Ол оппозицияны үкіметтің жұмысына кедергі келтіріп, мемлекетке қарсы әрекет етіп жатқанын айтқан.

Ал көп ұзамай, Оңтүстік Кореяның Ұлттық ассамблеясы президент енгізген әскери жағдайды енгізуге қарсы дауыс беріп, әскери жағдай күшін жойды.

Сондай-ақ оқыңыз