Назарбаев атындағы «Елбасы медалін» алып тастау жоспарда жоқ — Ақпарат министрлігі

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстанда «Елбасы медалін» алып тастау әзірге жоспарда жоқ. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова осылай деп мәлім етті. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев та тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы награданың күшін жою мәселесі әзірге күн тәртібінде жоқ екенін айтады.

Вице-министр Құрманованың айтуынша, мемлекеттік наградалар туралы заң кейбір актілер қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілуде. Мәселен, енді ҚР «Құрмет грамотасы“ мемлекеттік награда болып саналмайды. Ал “Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілері тек Қазақстан Республикасының азаматтарына табысталатын болады.

Журналистер вице-министрден «Елбасы медалін» алып тастау мәселесі қарала ма» деп сұрады. Шенеунік аталмыш награданы алып тастау әзірге жоспарда жоқ екенін айтады.

«Сіз айтып отырған басқа өзгерістер (Елбасы наградасын алып тастау – ред.) жоқ», – деп жауап берді Құрманова сенат  кулуарында.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев та тұңғыш президент атындағы наградаға қатысты пікір білдірді.

«Енді ондай мәселені қазір тиісті мемлекеттік органдар көтеріп жатқан жоқ. Бұл жерде енді мұндай орленді алып тастау керек деген мәселе жоқ. Елімізде ордендер де басқа да  мәселелер бар экономика, қаржы, теңге  мәселелерімен айналысу қажет деп есептеймін«,– деді Сенат төрағасы.  

Еске сала кетсек, 2023 жылы қаңтар айында Парламент «ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» заңды қабылдады. Бұл құжат Назарбаевты бірқатар артықшылықтардан, соның ішінде Елбасы мәртебесінен айырды.

Айта кетейік, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев соңғы рет 6 қазанда АЭС салуға қатысты референдумда бой көрсетті. Астана қаласындағы №256 учаскеде дауыс беруге келген экс-президент «Табысты болыңдар, бақытты болыңдар!» – деді де, ешкімге қайырылмастан жүре берді.

Сондай-ақ оқыңыз