Сапаров Қазақстанның небәрі 5 түрлі азық-түлік өнімінің импортына тәуелді екенін айтты

Жарияланды
азық-түлік
Сапаров ел нарығының 80-100% отандық азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етілгенін айтты / Коллаж:kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Ауыл шаруашылық министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанның небәрі 5 түрлі азық-түлік өніміне тәуелді екен айтады. Ал қалған өнімдер бойынша шамамен 80-100%-ға дейін ел өзін-өзі қамтып отыр деп сендірді.

«Бүгінгі күні отандық өндірістің есебінен барлық негізгі азық-түлік тауарларымен
80 пайыздан 100 пайызға дейін және одан да жоғары қамтамасыз етілген. Тек 5 тауар бойынша импортқа тәуелділік бар»,- деді АШМ басшысы.

Бұл бес өнім мыналар:

  • қант 42%;
  • ірімшік және сүзбе 57%;
  • құс еті 73%;
  • шұжық өнімдері 60%;
  • балық 54%.

Сапаров қант бойынша импортқа тәуелділік көлемі, шетелден әкелінетін қамыс қанты шикізаты есебінен төмендегенін айтты.

«Қант алты-ақ пайыз еді. Қазір 42%. Бұл енді шетелден әкелінген қамыс қантының арқасында»,- деді министр.

Сонымен бірге 600 мың тоннадан аспайтын қант қызылшасы, биыл рекордтық көрсеткішке жетіп, 1200 тоннаны құрағанын атап өтті. Алайда рекордтық көлемде жиналған өнімді елдегі 4 зауыттың қалай өңдейтінін нақтыламады. Әдетте 600 мың тонна қызылшаны зауытқа өткізу үшін шаруалар ұзынсонар кезекке тұруға мәжбүр болатын. АШМ басшысы бұл мәселенің биыл да шешіле қоймағанын мәлімдеді.

«Қант қызылшасын өңдеуде қиын жағдай туып жатыр. Өздеріңіз білесіздер өшірет бар. Бұл мәселені шешу үшін бізге жауа зауыт керек. Ендігі жылы жаңа зауыт салуға тырысамыз»,- деді Сапаров.

Сондай-ақ оқыңыз