Желтоқсан айында қазақстандықтар қандай салық пен жарна төлеуі керек?

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Желтоқсан айының аяғына дейін қазақстандықтар бірнеше салық төлеп, бірқатар салық есебін тапсыруы тиіс. Соның ішінде зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударымдар мен МӘМС жарнасы 25 желтоқсанға дейін төленуі керек. Осы ретте Мемлекеттік кірістер комитеті салық күнтізбесін жариялады.

Қандай төлемдер төленуі тиіс?

20 желтоқсанға дейін шетелден, соның ішінде ЕАЭО елдерінен тасымалданған тауарлардың акцизі төленуі тиіс. Ал 25 желтоқсанға дейін:

  • Міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы;
  • Міндетті зейнетақы жарнасы;
  • Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы;
  • Әлеуметтік аударымдар;
  • МӘМС жарнасы аударылуы керек.

Кәсіпкер қазақстандықтардың желтоқсан айынде тапсыратын бірнеше салық есебі бар. 17 қарашаға дейін 400.00 және 421.00 нысанды салық есебі меморганға ұсынылуы шарт. Бұл – акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімше немесе объектілер бойынша есеп айырысу туралы есеп.

Одан бөлек, 20 желтоқсанған дейін 328.00 форма. яғни, тауар әкелу және жанама салық төлеу туралы өтініш толтырылуы қажет.

Ал 31 желтоқсанға дейін 101.02-нысан және 911.00-нысан толтырылады. Онда декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі мен патент құнын есебі көрсетіледі.

Сондай-ақ оқыңыз