Досаев Алматыда көлік кептелісін азайтуға 34 млрд теңге бөлінетінін айтты
Алматы қаласында көлік кептелісімен күреске 2025 жылы 34 млрд теңге бөлінеді. Бұл мәселені әкімдік транспорттық тіректі дамыту және басты үлкен көшелерді қосу арқылы жүзеге асырмақ. Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХV сессиясында Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев осындай мәлімдеме жасады.
«Жыл соңына дейін Сайын және Мөңке би көшесінің қиылысындаға көлік жол айырығының құрылысы аяқталады. Құлжа тас жолы алты жолаққа дейін кеңейтілді. Сейфуллин даңғылы және Жансүгірова көшелерінде көлік тунелі жол айырығы ашылды», – деп есеп берді қала әкімі.
Ерболат Досаевтың айтуынша, Сайын, Абай даңғылы, Тілендиева мен Солтүстік айналма жолдары Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін қосылады. Қоғамдық тасымалды жақсарту мақсатымен биыл 600 газбен жүретін автобус пен троллейбустар сатып алынған. Бұл қала тұрғындарына жайлылық сыйлап, экологияны да сақтауға үлес қосады.
«Біз қаланың троллейбус паркін 100 пайыз жаңарттық. 212 троллейбус толық ауыстырылды. 2025 жылы тағы да газбен жүретін 600 автобус, 200 электробустарды сатып алуды жоспарлап отырмыз», – деді қала басшысы.