Қазақстанда ақша жымқырды деп айып тағылған ресейлік «криптокороль» Дмитрий Васильев ұсталды
Варшавада ресейлік ірі криптобиржа Wex-тің экс-басшысы Дмитрий Васильев ұсталды. Бұл туралы польшалық басылым жазады. Оған қарсы Қазақстан, Беларусь, Ресей, Қытай және бірақатар елде қылмыстық іс қозғалған.
Польша полициясы Васильевті АҚШ Әділет министрлігінің экстрадациялау туралы сұранысына байланысты ұстағанын нақтылады. Америкада оны 20 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін. Васильевтің нақты қай уақытта қамауға алынғаны белгісіз.
Дмитрий Васильев – Беларусь тумасы, 2010 жылдардан бастап криптовалютамен айналыса бастады.
ВТС атты ресейлік криптобиржада сауда жасайтын қытайлықтарға қызмет көрсеткен. 2017 жылы ВТС жабылып, сол жылы күзде Wex деген атпен жұмысын бастады. Ал Дмитрий Васильев Wex-тің жаңа директоры болды. РБК-ның жазуынша, 2017 жылы Wex-тегі бір тәуліктегі сауда айналымы 80 млн долларға жетіп, әлемдегі ірі криптобиржалардың қатарына енді.
2018 жылы биржаның Алматыдағы клиенті Васильевті Wex биржасы арқылы 20 мың доллар ұрлап алды деп айыптап, Қазақстанның құзырлы органдарына арыз түсірді. Осыдан кейін қылмыстық іс қозғалып, Васильевке халықаралық іздеу жариялады.
Жалпы алғанда Дмитрий Васильев және оның серіктесі Александр Винникті 4 млрд доллар жымқырды деп айыптайды.
Ал ФБР Wex биржасын бұғаттап тастады. 2021 жылы Васильевті Варшава әуежайында тұтқындап, Қазақстан оны экстрадициялауды сұраған еді, бірақ кейін босатып жіберген.