Сирияда қарулы топ Дамаскті басып алды, Башар Асадтың қайда кеткені белгісіз
Сирияда содырлар Дамаскті бақылауға алды, үкімет күштері ел астанасынан шығарылуда, деген хабар таратты Al Hadath телеарнасы.
Ел президенті Башар Асад қаланы тастап кеткен деген болжам бар.
Бұл туралы Таяу Шығыс ақпарат құралдары жазды. Al Hadath телеарнасының хабарлауынша, үкіметке бағынышты әскери бөлімдер Дамаскіден шығып жатыр.
Оппозициялық күштер Сирия астанасындағы орталық Омейяд алаңын басып алып, мемлекеттік телеарнаның кеңсесін басып алды. Үкіметті қолдайтын Sham FM радиостанциясы қалада жарылыстар болғанын хабарлады.
Президенттің ұшағы белгісіз бағытта ұшып кетті, деп жазды Reuters Сирия армиясының екі офицеріне сілтеме жасап. Бірақ Сирия басшысы мінді делінен Syrian Air әуе компаниясының Ил-76 ұшағы радардан жоғалып кеттті. Кейбір ақпарат құралы ұшақ апатқа ұшыраған болуы мүмкін деп жазса, кейбірі ол Иранға асты деген болжам айтқан.
Ереуілшілер Башар Асад режимі құлағанын мәлімдеген. Бірақ Сирия әскері соғыс әлі жалғасып жатқанын хабарлаған.
Сирия премьер-министрі Мұхаммед Гази әл-Джалали әзірге елден кетуден бас тартты, ол мемлекеттік институттардың жұмысын қамтамасыз етуге ниетті және ол Facebook әлеуметтік желісінде (меншік иесі) оппозициямен ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.
«Біз бұл елге тиесілі ешкімге зиян тигізбейтінін айтқан оппозицияға қолымызды созамыз», – деп мәлімдеді Мұхаммед Ғази әл-Джалали.
«Хаят Тахрир аш-Шам» тобының жетекшісі Әбу Мұхаммад әл-Джулани де билік ауысқанға дейін мемлекеттік мекемелер үкімет бақылауында болатынын мәлімдеді.
Сириядағы үкіметке қарсы топтардың шабуылы қараша айының соңынан бері жалғасуда. Желтоқсанның 8-іне қараған түні содырлар алдымен Хомс қаласын басып алып, кейін Дамаскіге кірді.
Қазақстан Республикасының Сирия Араб республикасындағы Консулдығы Сириядағы ахуалды ыждахатпен бақылап отырғанын хабарлаған еді. Консулдық ҚР азаматтарына көмектесе алатындарын мәлімдеді. Консулдыққа +963 943 333 319 телефон нөмірі және +963 943 333 319 WhatsApp желісі арқылы хабарласуға болады.