Қазақстан банктерінің Қытай валютасына деген сұранысы артты: юань саудасы 133 есе өскен

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

Қараша айында Қазақстан банктері арасында юань саудасы қызған. Ұлттық банк мәліметінше, биржадан тыс саудада 1,45 млрд юань сатылған. Бұл қазан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 133 есе артық.

Соның ішінде резидент банктер арасында Қытай валютасын сатып алу/сату бойынша жалып операция көлемі 1,35 млрд юаньды құраған. Бұл теңгеге шаққанда орташа бағаммен 94,7 млрд теңгеге тең. Ал бейрезиденттермен жасалған операциялардың үлесі 101 млн юаньді құрады.

Бұл көрсеткіш қазан айымен салыстырғанда 133 есе көп. Мұндай айырмашылықты Бірінші несие бюросының мамандары қазан айындағы мардымсыз саудамен байлыныстырады. Алдыңғы айда банктер арасындағы юань саудасы 10,5 млн-ды құраған. 2024 жылдың 11 айының 7 айында қытай валютасының саудасы осы деңгейден аспаған. Екінші жағынан қараша айындағы юань саудасы 2019 жылдан бергі ең жоғары мәніне жеткен.

Бір қызығы, биржадан тыс нарықта резидент банктер арасында Қытай валютасына деген жоғары сұраныс жыл басынан бері үшін рет орын алып отыр. Мамыр айында юань саудасы 864,8 миллионға жетсе, маусым айында 1 млрд юаньнан асқан.

Сарапшылар юаньға деген сұраныстың артуын Ресей мен Қытай компаниялары арасындағы есеп айырысудың өзгеруімен байланыстырады. Өйткені Ресейдің негізгі биржасына санкция салынған соң, доллармен сауда-саттық тоқтап, негізгі валюта ретінде юань белгіленген. Ресей Орталық банкінің деректеріне сүйенсек, соңғы екі жарым жылда Ресей импортындағы «достық пейілдегі» елдер валюталарының (негізінен юань) үлесі 1%-дан 46%-ға дейін өскен.

Бұл ретте Bloomberg басылымы өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Қазақстанның валюта нарығында ресейлік клиенттердің юаньға деген қызығушылығы артқанын жазған. Операциялар теңгеден басқа валютада да жүргізілуі мүмкіндігі, сондықтан олардың көлемі статистикада көрсетілмейтіні айтылды.

Қазақстандық банктер қазан айында биржадан тыс нарықта рубльді 3,5 есе көп сатып алған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз