«18 млн ғана». ШҚО әкімі жаңа жылдық безендіруге қанша қаражат бөлінетінін айтты

Жарияланды
Жаңа жылдық безендіруге
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 18 млн теңге жұмсайды / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Шығыс Қазақстан облысында жаңа жылдық безендіруге 18 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО әкімі Ермек Көшербаев айтты.

«Жаңа жыл мерекесін Шығыс Қазақстан әкімдігі бірінші болып тойлайды. 150-ге жуық аяз ата мен ақша қар шеруі өтеді деп жоспарлануда. Осы іс-шараларға және жаңа жыл мерекесіне қанша қаражат жұмсалады?»,  – деп сұрады журналист.

Әкім шеруге келген қатысушалыр өз қаражатына киінетінін айтты.

«Біз бұған көп қаражат бөлмейміз. 18 млн ғана», – деді ол.

Журналист бұл қаражат шеруге бөлініп отырса, тым көп екенін айтты. Әкім аталмыш көлемдегі қаражат облыс бойынша бөлініп отырғанын, шырша мен түрлі безендіруге қажетті заттардың өткен жылдан қалғанын айтты.

«Қаладағы шыршаға келер болса, жасанды шырша ғой. Ал гирляндалар бұрыннан сатыл алынған. Мынандай заманда көп ақша шашуға болмайды. Сондықтан біз бұл соманы азайттық», – деді әкім.

Айта кетейік, Астананы жаңа жылдық безендіруге бюджеттен 700 млн теңге бөлінеді. Атап айтқанда, Нұра ауданына 79 млн теңге, Сарыарқа ауданына 110 млн теңге, Алматы және Сарайшық ауданына 165 млн теңге, Байқоңыр ауданына 158,8 млн теңге, Есіл ауданына 183,9 млн теңге бөлінеді.

Батыс Қазақстан өңірі жаңажылдық безендіруге және өзге де мерекелік шаралаға 28 миллион теңге жұмсайтынын, БҚО әкімі  Нариман Төреғалиев айтқан болатын.

Ал Шымкент әкімдігі жаңа жылға қаланы безендіруге 80 млн теңге жұмсайды.

Сондай-ақ оқыңыз