Әлемдік ірі инвестициялық қорлар: капиталдандырудың өсу серпіні
Әлемдегі ең ірі инвестициялық қорлар мен олардың нарықтық капиталдандыруы бойынша алғашқы орындарда бірнеше ірі компаниялар тұр. Олардың әлемдік экономикада ықпалы өте жоғары.
Бұл компаниялар тек өздерінің нарықтағы ықпалын ғана арттырып қоймай, сонымен қатар бүкіл әлем бойынша түрлі саладағы инвестицияларға әсер етеді. Олар экономиканың әртүрлі секторларына, жаңа технологиялар мен тұрақты даму жобаларына, тіпті әлемдік қаржы нарықтарына өз үлестерін қосуда.
Кірістілік философиясы және Уоррен Баффет
Berkshire Hathaway Inc. – бұл әлемдегі ең ірі және ықпалды инвестициялық холдингтердің бірі, штаб-пәтері АҚШ-тың Омаха қаласында орналасқан. Компания Уоррен Баффет басқаратын корпорация ретінде кең танымал. Оның нарықтық капитализациясы 2024 жылы 1,0 трлн доллардан асып, әлемдегі ең қымбат компаниялардың қатарында қалуда.
Компанияның негізі Уоррен Баффеттің қаржы саласындағы ұзақ мерзімді табысқа негізделген стратегиясында жатыр. Ол инвестициялау кезінде тұрақты бизнес үлгілеріне, мықты менеджментке және төмен бағада алынған жоғары сапалы активтерге басымдық береді.
Араб қоры
International Holding Company (IHC) – Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан әртараптандырылған конгломерат, әлемдік деңгейде инвестициялық салада үлкен ықпалға ие. 2024 жылдың желтоқсанындағы мәліметтерге сәйкес, IHC компаниясының нарықтық капитализациясы шамамен 240,1 млрд доллар болып, оны әлемдегі ең құнды 10 компанияның қатарына кіргізеді. Сондай-ақ БАӘ-дегі ең ірі листингтелген компания саналады.
Банк-инвестор
Morgan Stanley – әлемдегі ең ірі инвестициялық банктердің бірі, қазіргі таңда нарықтық капитализациясы шамамен 209,4 млрд долларды құрайды. Morgan Stanley қаржы қызметтерінің кең спектрін ұсынады, оның ішінде инвестициялық банкинг, сауда-саттық қызметтері, активтерді басқару және байлықты басқару бар.
Prosus-интернет дүкенді дамытушы инвестициялық қор
Prosus – әлемдегі ең ірі инвестициялық компаниялардың бірі, технологиялық және интернет-компанияларға бағытталған, штаб-пәтері Нидерландыда орналасқан. 2024 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша Prosus компаниясының нарықтық капиталы шамамен 185,5 млрд долларды құрады.
Жеке капиталды шебер басқарушы инвестициялық комания
KKR & Co. (Kohlberg Kravis Roberts & Co.) – АҚШ-та орналасқан әлемдегі ең ірі инвестициялық компаниялардың бірі. Компания активтерді басқару, жеке капитал (private equity), жылжымайтын мүлік, инфрақұрылым, несиелік инвестициялар және энергия салаларында жұмыс істейді. 2024 жылдың желтоқсанына сәйкес, KKR компаниясының нарықтық капитализациясы шамамен 145,81 млрд долларды құрайды.
Баламалы активтерді басқарушы ірі инвестициялық компания
Blackstone Inc. (BX) – әлемдегі ең ірі альтернативті активтерді басқарушы компаниялардың бірі. 2024 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша Blackstone компаниясының нарықтық капитализациясы шамамен 135,5 млрд доллар. Компания жеке капитал, жылжымайтын мүлік, несиелік активтер және хедж-қорларды басқарумен айналысады
Жылжымайтын мүлік
Prologis – әлемдегі жетекші индустриялық жылжымайтын мүлікке инвестиция салатын компания. 2024 жылдың желтоқсанында оның нарықтық капитализациясы 103,7 млрд доллар құрайды. Prologis негізінен логистикаға бағытталған жылжымайтын мүліктерді, оның ішінде қоймалар мен тарату орталықтарын дамыту және басқарумен айналысады. Бұл компанияның дамуы әсіресе электрондық коммерция мен жаһандық жеткізу тізбектерінің өсуімен тығыз байланысты. Prologis солтүстік Америкада, Еуропада және Азияда маңызды нарықтарда жұмыс істейді.
Apollo Global Management
Apollo Global Management — бұл жеке капитал, несие және жылжымайтын мүлікке инвестиция салатын ірі инвестициялық компания. 2024 жылдың желтоқсанында компанияның нарықтық капитализациясы шамамен 100,6 млрд доллар құрайды. Компания әртүрлі салаларға ұзақ мерзімді инвестициялар салу арқылы кеңейіп, әлемдік қаржы нарықтарында маңызды рөл атқарады. Apollo түрлі активтерді, соның ішінде жылжымайтын мүліктер мен несие құралдарын басқару бойынша тәжірибесімен танымал.
Деректерді басқарушы компанияларға инвестиция салушы қор
2024 жылдың желтоқсан айында Equinix компаниясының нарықтық капитализациясы шамамен 95,04 млрд доллар. Бұл көрсеткіш компанияның жылжымайтын мүлік және цифрлық инфрақұрылым салаларындағы үлкен рөлін көрсетеді. Equinix деректер орталықтарын басқарып, бұлтты қызметтер мен жоғары жылдамдықты интернет қосылымдарын қамтамасыз ету арқылы әлемдік деңгейде маңызды орынға ие.
Капитализацияның өсімі
Нарықтық капитализациясы бойынша үздік 10 компанияның көпшілігінің капитализациясы жыл сайын өсіп келеді. Технологиялық және қаржылық қызметтер саласындағы жетекші компаниялар, мысалы, BlackRock, Berkshire Hathaway, және Morgan Stanley, өздерінің бизнес моделін үнемі жаңартып, нарықтағы үлесін кеңейтуде. Олар инвесторларға жоғары табыс әкелген активтерді тиімді басқара отырып, капитализацияларын ұлғайтуда.
quinix пен Prologis сияқты компаниялар жаңа нарықтарға кеңейіп, жасыл және тұрақты технологияларға бағытталуы арқылы капитализацияларын ұлғайтуда.
2020 жылдан кейін әлемдік экономикада қарқынды қалпына келу байқалып, бұл капиталды ұлғайтуға, активтердің бағасын арттыруға және инвестициялық компаниялардың нарықтық капитализациясын арттыруға әсер етті.