Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінде басшылық қызметте болған Қожабаевтың інісі ұсталды
Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің бұрынғы басшысының орынбасары Мақсат Қожабаевтың інісі Дәуренбек Қожабаев қамауға алынды.
Агенттіктің ақпаратына сүйенсек, ұсталған 46 жастағы Дәуренбек Қожабаев іздеуде болған. Ол Шымкентте мектеп директорын қылмысты жауаптан босатып, пара алғаны үшін күдікке ілінген.
Қожабаевқа халықаралық іздеу жарияланып, қараша айының соңында ұсталып, тергеу изоляторына қамалған.
2023 жылы агенттік төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевтың өзі алаяқтық жасағаны үшін бес жыл алты айға бас бостандығынан айырылған. Оны ҰҚК 2023 жылдың 9 қаңтарында ұстаған.
Қожабаев 2021 жылдың шілдесінен 2022 жылдың сәуіріне дейін Сыбайлас жемқорлық қызметінде қызмет атқарды. Қаржы полициясының Қызылорда, Жамбыл облыстары мен БҚО департаменттерін басқарған.
2017-2018 жылдары Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары болды. 2018 жылдың тамызынан 2021 жылдың шілдесіне дейін Шымкент қаласының прокуроры болып жұмыс істеді. 2021 жылдың шілдесінен 2022 жылдың сәуіріне дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.