Астанада шахматтан Қазақстан чемпионаты тәмамдалды

Жарияланды (жаңартылды )
Астанада шахматтан Қазақстан чемпионаты қорытындыланды/ фото: kursiv.media

Астанада шахматтан 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының финалдық ойындарының қорытындысы шығарылды. Әйелдер арасында 18 жастағы Әмина Қайырбекова чемпион атанса, ерлер арасында жеңісті 24 жастағы Денис Махнев жеңіп алды.

Чемпионаттың финалдық ойындарын Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) өткізді. Ойындардың нәтижесінде Қайырбекова 12 турда 9,5 ұпай жинап, әйелдер арасында чемпион атағын жеңіп алды. Аяулым Қалдарова екінші, Зарина Нұрғалиева үшінші орыннан көрінді.

Ерлер арасында Махнев Жандос Ағмановпен (чемпионатта екінші орын иегері) ойнағанда жеңіске жетті, осылайша екінші мәрте чемпиондық атағын қорғап қалды. Әбілмансұр Әбділқайыр үшінші орын алды.

Сондай-ақ оқыңыз