Сирияда наразылық білдірушілер Башар Асадтың әкесінің қабірін өртеп жіберді
Сирияның Батыс Латакия провинциясында қарулы наразылық білдірушілер президент Башар Асадтың әкесі, елдің экс-президенті Хафез Асадтың қабірін өртеп жіберді. Бұл туралы ВВС басылымының орыс тіліндегі қызметі хабарлады.
Қарулы азаматтар Хафез Асадтың табытын қабірден шығарып, өртеп жіберді. Басылым таратқан фотосуретте камуфляждағы бүлікшілердің қабір мен табыттың жанып жатқан бөліктерін бақылап отырғаны көрінеді.
Басылымға Асад кесенесінің өртенгені туралы ақпаратты Ұлыбританияда орналасқан Сирияның адам құқықтарының сақталуын бақылау орталығы (Sohr) растаған.
Хафез Асад 1971 жылы Сирияның президенті болды және 2000 жылы қайтыс болғанға дейін ел басқарған. Ол Кардаха қаласындағы әулетінің кесенесінде жерленген. Билікті өз ұлы Башар Асадқа беріп, президент ретінде сайлап кеткен.
7 желтоқсанда оппозиция Алеппо, Дейр-эз-Зор, Дераа, Хаму және Хомсты басып алды. 8 желтоқсанда таңертең Башар Асадтың қарсыластары Дамаскіге кіріп, содан кейін мемлекеттік армия бөлімшелері Дамаскіні тастап кетті. Асад қызметінен және елден кетіп, отбасымен бірге Мәскеуден саяси пана алды.