Полиция Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалу себебін түсіндірді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Полиция Шерзаттың әкесінің үстінен қылмыстық іс қозғады
Полиция Шерзаттың әкесінің үстінен қылмыстық іс қозғады / shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров

Алматы облысының полиция басқармасы Талғарда кісі қолынан қайтыс болған жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалу себебін түсіндірді. Бұл туралы ақпарат басқарманың әлеуметтік желідегі парақшасында жария болды.

Полиция ақпаратына сүйенсек, 10 желтоқсанда Нұрымов автокөліктердің бірін бүлдіріп, иесіне материал залал келтірген. Осыған байланысты қылмыстық іс бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру фактісі бойынша тіркелген. 

«10 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданының Азат ауылында орын алған құқыққа қарсы іс-қимыл нәтижесінде автокөлік иесіне материалдық залал келтірілгені анықталды, бұл әкімшілік жауапкершілік шегінен едәуір асып, іс-әрекеттің қылмыстық саралануына әкеп соғады», – делінген полиция хабарламасында.

Қазір полиция тергеу жұмыстарын бастаған.

Айта кетейік, осыған дейін Нұрымов бұзақылық және көлік қозғалысына кедергі жасау фактісі бойынша ұсталған. 

«Ол қоғамдық орында және полиция қызметкерлеріне қарсы дөрекі сөз сөйледі, оларды пышақпен қорқытты, сонымен қатар басқа біреудің мүлкіне қасақана зақым келтірді, атап айтқанда, көлікті пышақпен сырып, дөңгелекті тесіп тастады», – делінген полиция хабарламасында. 

Нұрымов інісі Нұрғанат Ғайыпбаевтың жерлеу рәсімі кезінде әділдік талап етіп, көліктің дөңгелегін пышақпен тесіп, өзіне қол жұмсайтыны туралы айтқаннан кейін ұсталып, 15 тәулікке қамауға алынған.

Сондай-ақ оқыңыз