Phystech II компаниясының Қайрат Боранбаевпен байланысы бар топ-менеджелері ауысты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media

Қайрат Боранбаевтан қайтқан Phystech II компаниясының топ-менеджерлері ауысты. Бұрынғы басшылардың Боранбаевпен байланысы болған.

Қазақстан қор биржасында жарияланған хабарламаға сәйкес, компания басқарма құрамы толық өзгерді. Директорлар кеңесінен компанияны Боранбаевпен бірге басқарған Асхат Үсеров, директорлар кеңесінің мүшесі Әділ Дәрібаев, тәуелсіз директор Ерболат Тапаев шығарылған. Олардың орнына:

  • Азамат Наукенов – директорлар кеңесінің төрағасы;
  • Қуəңғали Бекқали – директорлар кеңесінің мүшесі;
  • Самат Аманжолов – тəуелсіз директор болып сайланды.

2023 жылдың қазан айына дейін Phystech II «Казтурборемонт» компаниясына иелік еткен. Қаржы есебінде компанияны Қазақстанның тұңғыш президентінің бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевпен байланысы бар екені жазылған. Ал «Казтурборемонт» компаниясының құрылтайшысы Асхат Үсеров болды.

Былтыр мұнай компаниясының акциялары «Казстройпроект-А» компаниясына, одан кейін Қаржы министрлігіне берілді. Әділ Дәрібеков Phystech II компаниясының меншік иесі ауысқанға дейін компания бас директоры болған.

Компания 2015 жылы Ақтау қаласында тіркелген. Маңғыстау облысындағы Солтүстік «Қаражанбас» кен орнында мұнай мен ілеспе газ өндірумен айналысады.

Боранбаев 2023 жылдың наурыз айында 6 жылға сотталған болатын. Кейіннен заңсыз меншіктеген дүние-мүлкін мемлекетке қайтарға соң, жазасы жеңілдеп, бас бостандығы шектелді. Қалған мерзімін үйінде өтейтіні хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз