S&P агенттігі Freedom Holding Corp.-тың еншілес төрт компаниясының ұзақ мерзімді рейтингтерін көтерді
Халықаралық S&P Global Ratings агенттігі «Фридом Финанс» АҚ, Freedom Finance Global PLC, Freedom Finance Europe Ltd-нің және «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-тың ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін «В»-дан «В+»-ға дейін көтерді. Қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері «В» деңгейінде расталды. Ұлттық шкала бойынша «Фридом Финанс» АҚ пен «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-тың рейтингтері де жоғарылады. Нақты айтқанда, «kzBBB-»-тен «kzBBB»-ға дейін көтерілді. Сонымен бірге Freedom Holding Corp. компаниясының рейтингі «В-» деңгейінде расталды.
«Біз баланстың өсуінің жоспарланған орташа қарқыны дереккөздер бойынша және географиялық тұрғыдан әртараптандырылған күшті кіріс көрсеткіштерімен бірге Freedom компанияларының капиталдандыру көрсеткіштерін қолдайды деп күтеміз. Топ әртүрлі юрисдикцияларда жұмыс істейтін көптеген еншілес компаниясы бар үлкен топқа қатысты өзінің жалпы тәуекелдерді басқару және сәйкестік жүйесін біртіндеп құруда», – деп атап өтті S&P Global Ratings есебінде.
Қазақстандағы экономикалық және салалық тәуекелдер төмендеп, реттеуші органдар тарапынан қадағалау күшейді. Осы шаралар аясында Freedom Holding Corp компаниясының және еншілес компанияларының рейтингі бойынша «Тұрақты» болжамдар жасалды. S&P алдағы 12 айда олардың бизнес портфелінің және қаржылық көрсеткіштерінің тұрақтылығын көрсетіп отыр. Бұдан бөлек, басты тәуекелдерді басқару және комплаенс жүйесін күшейту шаралары, сондай-ақ капиталдандыруды қолдайтын өсудің жоспарлы орташа қарқыны ескерілген.
Бұған дейін S&P Global Ratings «Freedom Finance Insurance СК» АҚ-тың рейтингін «В+»-тен «ВВ-»-ке дейін, «тұрақты» болжамы, ұлттық шкала бойынша «kzBBB+»-тен «kzA-»-ке дейін көтерді.