Алматы облысы прокуратурасы Шерзат Болаттың ісіне қатысты тергеудің аяқталып қалғанын хабарлады
Жарияланды
Алматы облысы прокуратурасы Шерзат Болатты өлтіруге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып қалғанын хабарлады. Құзырлы органның мәліметінше, қажетті тергеу әрекеттері өткізілген. Барлық күдікті қамауда.
Қазіргі кезде сараптама нәтижелері ғана күтіліп отыр. Содан кейін іс танысуы үшін процеске қатысушыларға берілмек.
«Бұдан бөлек, Нұрымовтың үйін өртеуге және Ғайыповтың суицид жасағанына қатысты қылмыстық іс Бас прокуратураның бақылауында», – делінген хабарламада.
Облыстық прокуратура көпшілікті жалған ақпарат таратпауға шақырып отыр.
«Өкілетті органның ресми хабарламаларына сенуді сұраймыз», – делінген хабарламада.