Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшірілді. ІІМ көшелердегі тәртіпті камера арқылы бақылайды

Жарияланды
полиция Казахстана
Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция күшейтілген режимге көшірілді / Фото: kursiv.media

Қазақстанның барлық өңірінде полиция күшейтілген режимге көшірілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«14 желтоқсаннан бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы толық қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті», – делінген хабарламада.

Тәуелсіздік күні қарсаңында құзырлы орган қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кұзетті кұшейтпек. Әсіресе, мерекелік іс-шаралар өтетін жерлер мен азаматтар көп жиналатын орындар бақыллауға алынады. Ал мемлекеттік қорғауға жататын маңызды нысандарға полиция нарядтары қойылады.

Бұдан бөлек жедел басқару орталықтары бейнебақылау камералары арқылы қалалар мен елді-мекендердің көшелеріндегі тәртіпті жіті бақылап отырады.

«Ішкі істер министрлігі іс-шаралардың өткізілуі кезінде қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыз