Төрт жылдан бері Ресейде пимаға сұраныс 56,6%-ға артты

Жарияланды
Бір жылда пима сатып алуға сұраныс 27,6%-ға өсті/фото:ers_tino / flickr.com

Бір жыл ішінде ресейліктер пима сатып алуға 2,4 миллиард рубль жұмсады. Ресейде аяқ киім импортының көлемі бір жылда 9%-ға қысқарды. Осыған қатысты РБК басылымы ақпарат таратты.  

Он айда былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда пима сатып алуға деген сұраныс 27,6%-ға өсті. 2021 жылдағы сұраныстан 56,6%-ға көп.

Онлайн саудада байпақты сату 2,5 есе артты. Бөлшек саудадағы бағасы 10%-ға кеміді.

Федералды кеден қызметінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында аяқ киім мен тоқыма бұйымдарының импорты бір жылмен салыстырғанда 9%-ға азайып, 12,1 млрд долларды құрады.

Пиманың артуына аяқ киім импортының азаюы мен Ресейге салынған санкциялар әсер етіп отыр. Оған қоса банк төлемдерінің құлдырауы ішкі тауарға сұранысты көбейткен.

Сондай-ақ оқыңыз