2025 жылы қандай айыппұлдың көлемі өседі?
2025 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемі шамамен 4 мың теңгеге жақындайды. Сәйкесінше, айыппұл көлемі де өседі.
2024 жылғы 1 АЕК – 3 692 теңге болса, 2025 жылы 1 АЕК – 3 932 теңгеге артады. Келесі жылдан бастап, мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін айыппұл 11 796 000 теңгені құрайтын болады.
Ал қоқысты белгіленбеген жерге төгу, қоғамдық орындарда түкіру сияқты әкімшілік бұзушылықтар үшін 39320 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.
Тыныштықты бұзғаны үшін осы жылы азаматтар 18460 теңге төлеп келген болса, келесі жылы жұмыс күндері сағат түнгі 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері кешкі сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзғандар 19 660 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады.
Ал елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ӘҚБтК-нің 436-бабы бойынша қаралады. Бұл норманы бұзғандар АЕК көлемінде яғни 78 640 теңге айыппұл төлейді.
Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде қоғамдық орындарда басқа азаматтардың мазасын алғандарға 19 660 теңге айыппұл салынады. Сонымен бірге ол адам қоғамдық орындарда әдепсіз сөздер айтса, оған да заңмен шектеу қойылған. Бұл тәртіпті бұзғанда ӘҚБтК-нің 434-бабына сәйкес 20 АЕК немесе 78 640 теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.
Ал мұғалім немесе дәрігерге әдепсіз сөздер айтып, беделіне нұқсан келтіргендерге
117 960 теңге айыппұл қарастырылған.
Сондай-ақ көрінеу жала жапқан азаматтарға – 629 120 теңге, көрінеу жалған жарнама таратқандарға – 393 200-ден 3 932 000 теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Ал егер осында жалған ақпаратты блогерлер тарататын болса, олар 30-дан 100 АЕК-ке дейін немесе 117 960 теңгеден 393 200 теңгеге дейін айыппұл төлейді.
Сондай-ақ, мына нормаларды бұзғандар үшін айыппұл көлемі артады:
- Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде сағат 22:00-ден кейін болуы (ӘҚБтК-нің 132-бабы) – 3 АЕК немесе 11 796 теңге.
- Кәмелетке толмағандарға темекі және басқа да темекі бұйымдарын сату (ӘҚБтК-нің 133-бабы – 15-тен 100 АЕК-ке дейін немесе 58 980 теңгеден 393 200 теңгеге дейін).
- Жеке деректерді заңсыз жинау және өңдеу – (ӘҚБтК-нің 79-бабы) – 10-нан 70 АЕК-ке дейін немесе 39 320 теңгеден 275 240 теңгеге дейін.
- Қоғамдық орындарда заттарды сату, көріпкелдік, қайыршылық, жезөкшелік (ӘҚБтК-нің 449-бабы) мақсатында престуляция – 5 АЕК немесе 19 660 теңге.
- Азаматтан төлқұжат немесе жеке куәлікті кепілге қабылдау (ӘҚБтК-нің 494-бабы) – 5 АЕК немесе 19 660 теңге.