Болат Өтемұратовқа тиесілі ForteBank таза пайдасын 30%-ға арттырды
Болат Өтемұратовқа тиесілі ForteBank 2024 жылдың 9 айында 112,6 теңге таза пайда тапқан. Бұл 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 30%-ға артық.
Қазақстан қор биржасынада орналастырылған аралық шоғырландырылған қаржы есебіне сәйкес, банктің таза пайдасының өсуіне пайыздық кірісінің артуы ықпал еткен. Бұл көрсеткіш биыл 9 айда 189,2 млрд теңгеге дейін жеткен.
ForteBank-тің активтері жыл басынан бері 25%-ға өсіп, 4,1 триллион теңгені құраған. Ал міндеттемелері 3,6 триллион теңгені құрады. Банктің меншікті капиталы 16%-ға ұлғайып, 498,1 млрд теңгені құрады.
Қаржы ұйымы 1999 жылы құрылған. 2015 жылға дейін «Альянс Банк» деп аталған. Қараша айының басындағы жағдай бойынша банк активтері мен несие портфелінің көлемі бойынша Қазақстандағы 21 банктің ішінде бесінші орынды иеленеді.
Банктің 90,91%-дық бақылау үлесі белгілі кәсіпкер Болат Өтемұратовқа тиесілі. Қаржы ұйымының 7,5% акциясы бұған дейін Болат Өтемұратовтың ұлы – Әлидар Өтемұратовтың иелігінде еді. Енді акционерлер тізімінде оның есімі жоқ.
Болат Өтемұратов – Қазақстандағы ең бай бизнесмендер тізімінде алтыншы орында тұр. Оның байлығы 2,7 млрд долларға бағалады. Ол ForteBank, KaR-Tel компаниясы (Қазақстандағы Beeline операторы), алтын өндіруші RG Gold, Астана мен Венадағы Ritz-Carlton қонақ үйлері, Мәскеудегі The Carlton, Rixos Borovoe компаниясының акцияларына ие.