Оңтүстік Кореяның отставкаға жіберілген президенті жауап алу үшін тергеуге шақырылды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Оңтүстік Кореяның президенті прокуратураға шақырылды
Оңтүстік Кореяның президенті прокуратураға шақырылды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Биліктен уақытша шеттетілген Оңтүстік Кореяның презиенді Юн Сок Ёл көтеріліс жасады және билікті асыра пайдаланды деген айып тағылып, жауап алу үшін тергеуге шақырылды. Егер президент келмесе, оны тұтқындауға санкция берілуі мүмкін.

Yonhap ақпарат агенттігіне сүйенсек, Оңтүстік Корея президенті қызметінен уақытша шеттетілген Юн Сок Ёл жауап алу үшін прокуратураға шақырылған. Ол елде әскери режим жариялағаны үшін билікті асыра пайдаланды деп айыпталып отыр.

Агенттік бұл прокуратура Юн Сок Ёлге жіберген екінші шақырту екенін жазған. Ол алғашқысын елемеген. Импичмент жарияланған президент екінші шақыртуды да елемейтін болса, оны қамауға алуға санкция берілу мәселесі қарастырылады.

Прокуратурадан бөлек, Жоғары мемлекеттік қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасы және Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің Тергеу бөлімі өкілдері мен полиция президенттен жауап алуды ұсынып отыр. Күн тәртібіне сәйкес, президент 18 желтоқсанға дейін тергеу қызметіне келуі қажет. 

Сондай-ақ тергеушілер Президенттің қауіпсіздік қызметіне оның телефон қоңырауларын тексеру үшін жазбаларды ұсынуды талап етті.

Бұған дейін президент бүлік жасауға қатысты айыптауларды көпшілік алдында жоққа шығарған.

14 желтоқсанда Оңтүстік Корея Парламентінің 300 мүшесінен 204 депутат президентті қызметінен босатуға дауыс берді. Бұған президенттің 3 желтоқсанда елде әскери режим енгізуі себеп болды.

Сондай-ақ оқыңыз