«Жетісу» футбол клубы болмайды – облыс әкімі
Келесі жылдан бастап, «Жетісу» футбол клубы болмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты.
«Жетісу» футбол клубы санаулы 11 күннен кейін болмайды. Оны бәсекелестік ортаға шығарамыз. Бюджеттан ақша бөлінбейді. Конкурсқа шығарамыз. Қатысам деген заңды тұлғалар қатысады. Конкурстан жеңіп алғаны ары қарай клубпен жұмыс жүргізеді»,- деді әкім.
Десе де, әкім клубқа Самат Смақовты тренер ретінде шақырғанын, белгілі футболшығы жақсы жағдай жасау көзделіп отырғанын айтты.
«Мен футбол клубының осы және өткен жылғыдай турнирлік таблицаның ең соңында жүргенін қаламаймын. Жетісулықтар мен талдықорғандықтардың футболға ұялмай баратындай клубтың бұрынғы атағын қайтару керек», – деді Исабаев.