Тоқаев Байбазаровты ұлттық экономика министрі қызметінен босатты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Тоқаев Байбазаровты ұлттық экономика министрі қызметінен босатты / Фото: Аскар Ахметуллин, бильд-редактор: Дастан Шанай
Тоқаев Байбазаровты ұлттық экономика министрі қызметінен босатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровты қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Желтоқсан айында Үкімет үйіндегі отырыстан кейін журналистер Байбазаровтан «экономикадағы жағдайға, теңгенің құлдырауына байланысты отставкаға кету туралы» сұраған. Алайда министр «өзінің мақсаты отставкаға кету емес, жағдайды тұрақтандыру екенін» айтқан.

Айта кетейік, Байбазаров бұл қызметке жыл басында ғана тағайындалған. Ол әр жылдары «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан теміржолы» және «Өзенмұнайгаз» компаниялары мен «Қазақстан даму банкінде» және «Бәйтерек» холдингінде лауазымды қызметтер атқарған.

Ол ақпан айында жаңа премьер-министрі Олжас Бектеновтің министрлер кабинетіне қосылып, экономика министрі қызметімен қатар, үкімет басшысының орынбасары қызметін атқарған. Байбазаровқа дейін министрлікті Әлібек Қуантыров басқарған.

Сондай-ақ оқыңыз