Ақтауда жол бойына көліктерін қойып, «лезгинка» билегендер жауапкершілікке тартылды

Жарияланды
Ақтауда жолды жауып, «лезгинка» билеген көлік иелері жазаланды/ фото: shutterstock

Ақтауда жол бойына «лезгинка» биін билеген  көлік иелерін полиция жазаға тартты.

Bentley, Mercedes Benz және Porshe көліктерінде отырғандар 5 және 6-шағынаудандар арасында көңіл көтерген. Бейнежазбада басқа көліктердің кідіріп тұрғаны, жас жігіттердің асфальт үстінде мәре-сәре болып, билеп жатқаны көрінеді.

Қала полициясы осыған байланысты шара қабылдады. Қымбат көліктерді айып тұрағына қойды. Көшеде ойын-сауық құрған көлік жүргізушілеріне айыппұл салды.

Алматы полициясы жұма намазы кезінде жолды жапқан 30-дан астам адамға айыппұл салды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 614-бабына сай көшеде намаз оқығандар үш АЕК көлемінде (11 076 теңге) айыппұл төлеуге тиіс. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да намазхандардың бұл қылығын сынаған.

Сондай-ақ оқыңыз