Санкцияға қарамастан, Ресей нарығында Қытай электронды саудасының үлесі артып келеді

Жарияланды
Ресей нарығында Қытай электронды саудасының үлесі артуда/фото: kursiv.media архивінен

Қытайлық компаниялар өз тауарларын ресейлік онлайн платформалар арқылы жаппай сатып жатыр деп жазды Financial Times.

Осылайша, Ozon маркетплейсінде 100 мыңнан астам қытай сатушысы тіркелді, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда он есе көп. Wildberries те ресми түрде қытай саудагерлерін өз платформасына әкелді.

Қытай сатушылары Батыстың алым-салығынан сескеніп, жаңа нарыққа шығу жолын іздеп жатыр. Батыс нарықтары, соның ішінде ЕО мен АҚШ Қытайдың электронды сауда платформаларын қысымға алған. Енді көрші елдің компаниялары Ресейден шетелдік бизнес компаниялардың кеткенін пайдаланып қалуға тырысуда.

Қытайдың электронды коммерция көлемі 2023 жылдың алғашқы алты айында 13%-ға өсті. 2023 жылы бұл көрсеткіш 15,6%-ға өсіп, Қытайдың жалпы тауар айналымының 5,7%-ын құрады.

Қытай саудагерлері юаньмен есептесуде қиындыққа тап болып, кейбір тауарды сатуға шектеу қойды. Жергілікті жерде тіркелген дүкендер осы кедергіден айналып өтуге көмектеседі. Бейжің Ресейде күнделікті сатылатын тауарға сұраныс артқанын көріп отыр. Санкцияға қарамастан ҚХР компнаиялары ресейлік нарыққа инвестиция салуды ұлғайтып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз