2025 жылы қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер тізімі жарияланды
Тек Қазақстан паспортымен, виза рәсімдемей-ақ саяхаттау мүмкін болатын елдер саны жыл сайын көбейіп жатыр. Қай елдерде бір айға, ал қайсысына үш айға дейін визасыз жүре беруге болады? Назарларыңызға визасыз баруға болатын елдер тізімін ұсынамыз.
Визасыз режим екі типке бөлінеді: нағыз және шартты. Нағыз визасыз режимде елге кіретін кезде тек құжатқа штамп қояды. Ал шартты режимде сіз сол елдің әуежайына қонғанда бірден виза алуыңыз керек. Бірақ ол формалды, өте жылдам және тез процедура. Дегенмен кейбір елдер кері ұшақ билетін, қонақүй бронын немесе медициналық сақтандыруды сұрауы мүмкін. Сол үшін бара жатқан еліңіз жайлы толық анықтап алыңыз.
- 15 күнге дейін визасыз саяхаттау рұқсат етілген елдер: Гонконг, Иран
- 30 күнге дейін баруға болатын елдер: Қытай, Малайзия, Мальдивы, БАӘ, Тунис, Өзбекстан,Оңтүстік Корея, Аргентина, Бразилия, Вьетнам, Филиппин, Эквадор, Доминикан Республикасы, Индонезия, Куба, Катар, Түркия
- 60 күнге дейін визасыз баруға болатын елдер: Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Таиланд,
- 90 күнге дейін визасыз баруға болатын мемлекеттер: Албания,Гаити, Колумбия, Молдова, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Намибия
Айта кетейік, осы жылы 25 мамырдан бастап Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режим басталды.Екі ел азаматтары визасыз 30 күнге дейін саяхаттай алады.