Ресейлік «Урса Майор» жүк лайнері Жерорта теңізінде апатқа ұшырады
Ресейлік «Урса Майор» лайнері Жерорта теңізінің Испания мен Алжир арасындағы аумағында батып кетті. Лайнердегі он алты теңізшісінің екеуі жоғалып кеткен. Бұл туралы Испанияның La Verdad басылымы жазды.
Басылымның жазуынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша 24 желтоқсанға қараған түні Испанияның Агилас қаласы мен Алжирдің Оран қаласының ортасында болған. Борттағы 16 теңізшінің 14-і Картахена портына жеткізіліп, екеуі әлі табылмаған.
La Verdad дереккөздерінің хабарлауынша, түнгі сағат 12.30-да кеменің «қозғалтқышы жарылып» кеткен. Құтқару операциясын Ресей әскери кемесімен сол аймақта жүрген испан және алжир кемелері жүргізген. Кейін құтқару жұмыстарына Испания Әскери-теңіз күштерінің патрульдік қайығы қосылды.
Ресми түрде «Урса Майор» жүк лайнері Санкт-Петербургтен Владивостокқа бағыт алған. Межелі орынға 2025 жылдың 22 қаңтарында келуі керек еді. Кемеде әрқайсының салмағы 380 тонна болатын порт крандары болған.
Медиазона ақпаратына сүйенсек, «Урса Майор» лайнері Сириядағы Ресей әскериі базасына жүк тасымалдаған болуы мүмкін.
Айта кетейік, осыған дейін Ресейдің екі лайнері Қара теңізде апатқа ұшырап, салдарынан Ресейдің Анапа қаласындағы теңіз жағалауына мазут төгіліп, теңіз жануарлары мен құстар қырылған.