ЕАЭО елдері ішінде экономикасы құлдыраған жалғыз ел – Қазақстан

Жарияланды (жаңартылды )
ЕАЭО елдері арасында Қазақстан ЖІӨ бойынша ең төменгі өсім көрсеткен / Фото: kursiv.media

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің ішінде экономикасы құлдырап, ЖІӨ бойынша ең төмен өсім көрсеткен ел – Қазақстан. Елдің экономикалық өсімі Қырғызстаннан да төмен болып отыр. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның есебінде жазылған.

«2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елінде жалпы ішкі өнім өсімінің оң динамикасы байқалады. ЕАЭО-дағы ЖІӨ-нің өсу қарқыны 4,2%-ға өсті», – делінген комиссия есебінде.

Одаққа мүше елдер арасында жақсы экономикалық көрсеткішке жеткен Қырғызстан. Бұл елдің ЖІӨ-сі 8,4%-ды құраған. Екінші орында 6%-бен Армения тұрса, үшінші орында экономикасы – 4,5%-ға артқан Беларусь мемлекеті тұр. Ал ең соңғы орындарда 4,2% өсіммен Ресей, одан кейін Қазақстан тұр. Біздің елдің экономикасы 4,1%-ға артқан.

Комиссия есебінше, одақтың барлық елінде экономикалық өсімге негізінен көтерме және бөлшек сауда, өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласы әсер еткен. Атап айтқанда, Арменияда экономикалық өсімге жылжымайтын мүлікпен жүргізілген операциялардың артуы себеп болса, Беларусь пен Қазақстанда ЖІӨ ауыл шаруашылығы есебінен көтерілген. Ал Қырғызстан мен Ресейде қаржылық және сақтандыру қызметі саласы ЖІӨ-ге оң әсер еткен.

Айта кетейік, жұмыссыздық көрсеткіштері бойынша да Қазақстанның жағдайы мәз емес. ЕАЭО-ға мүше елдер ішінде Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі ең жоғары.

Сондай-ақ оқыңыз