Қырғызстанда жемқорлық үшін айыппұл салу ережесі күшін жояды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қырғызстанда жемқорлық үшін айыппұл салу ережесі күшін жояды
Қырғызстанда жемқорлық үшін айыппұл салу ережесі күшін жояды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қырғызстанда жемқорлық және өзге де қылмыстық істер үшін айыппұл салу ережесі күшін жояды. Парламенттің құқықтық комитеті Қырғызстан Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитеті ұсынған заң жобасын мақұлдаған.

Жоғарғы кеңестің құқық тәртіп, қылмысқа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитеті екінші және үшінші оқылымда сыбайлас жемқорлық және өзгеде қылмыс түрлері үшін айыппұл салу ережесін тоқтату мәселесін талқылаусыз мақұлдаған. Комитет оның орнына бас бостандығынан айыру туралы ережелерді бекітуді ұсынды.

Құжатқа сәйкес елдің қылмыстық кодексінің 336-348-баптарына өзгеріс енгізілуі қажет. Олардың ішінде бірнеше қылмыс көзделген: сыбайлас жемқорлық, лауазымдық жағдайды теріс пайдалану, билікті асыра пайдалану, кәсіпкерлердің қызметіне кедергі келтіру, көрінеу тиімсіз келісімшарт жасасу, заңсыз баю, лауазымды тұлғаның кәсіпкерлік қызметке қатысуы, пара алу; парақорлыққа делдал болу, пара беру, паспортты заңсыз беру.

Айта кетейік, 5 желтоқсанда заң жобасын Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиев таныстырған. Сол кезде Тәшиев жемқорлықпен ұсталған азаматтардың туыстарына да мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынатынын айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз