Досаев Алматыдағы президенттік шыршаны қалай өткізді
Жарияланды
Алматыда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балалар мен ерекше қажеттілігі бар балалар мен спорттық және шығармашылық жетістікке жеткен балаларға арналған президенттік шырша өтті. Оған ұйымдастырушы ретінде қала әкімі Ерболат Досаев келген.
«Таңғажайып жаңа жыл» аталын мерекелік шараға қаланың әр ауданынан 400 бала жиналған.
Балаларға ертегі кейіпкерлері квесттер мен ойындар ұйымдастырып, арнайы сыйлық таратты.
Бүлдіршіндерге Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры артистері «Щелкунчик» ертегілік қойылымын көрсетті.
Аяз Ата мен Ақшақардың дәстүрлі байқауларынан кейін танымал әнші SADRADDIN ән шырқады.