Қазақстанға ғылыми дәреже алу үшін келетін шетелдіктердің арасында қытайлықтар көп
Ғылыми дәреже алу үшін оқуға келетін шетелдіктердің арасында қытайлықтардың үлесі басым. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро хабарлады.
Бюро мәліметінше, Қытайдан Қазақстанға ғылыми дәреже алу үшін келетін азаматтардың саны осы жылы екі есе артқан. Мәселен, 2024-2025 оқу жылында 89 Қытай азаматы Қазақстанға докторантура оқуға келген. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2,2 есе көп.
Сонымен бірге жалпы шетелден келіп, докторантура оқитындардың арасында қытайлықтардың үлесі басым. Олардың үлесі 65%-ды құрайды.
Соңғы бір жылда Қазақстанда докторантура оқитын шетелдік азаматтардың үлесі 1,5 есе артып, 137 адамға жеткен. Бұл 15 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш саналады. Қазақстан Болон декларациясын қабылдағаннан бері докторнаттар саны бірінші рет осылай көтеріліп отыр.