Ақтауда құлаған ұшақта Қазақстанның 6 азаматы болған

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ақтауда құлаған ұшақта 6 Қазақстан азаматы болған / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының маңында құлаған ұшақта алты Қазақстан азаматы болған. Қазақстандықтардан бөлек, ұшақта Әзербайжан, Ресей мен Қырғызстан азаматтары да бар.

Көлік министрлігінің ақпаратына сүйенсек, алдын ала ақпаратқа сәйкес бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 Ресей азаматы болған.

Төтенше жағдайлар министрлігі жария еткен соңғы ақпаратқа сәйкес, 25 адам тірі қалған. Оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілген.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан соңғы ақпаратқа сәйкес, 28 адам ауруханаға жеткізілген. Әзірге тірі қалғандар арасында кәмелеттік жасқа толмаған 2 бала бары белгілі.

Басқарманың хабарлауынша, апат орнынан 4 адамның денесі табылған. Олардың нақты қай елдің азаматтары екені белгісіз. Ұшақ бортында 69 адам болған, оның ішінде 5 адам экипаж мүшесі.

Ақтау әуежайының баспасөз қызметі әуежайдың қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрғанын және ұшақ апатынан әуежай ғимаратына зақым келмегенін хабарлады.

Қазақстанның транспорттық полициясының Ақтау қаласындағы бөлімшесі апатқа байланысты қылмыстық іс қозғады.

Айта кетейік, 25 желтоқсан күні Ақтау қаласы маңында Azerbaijan Airlines компаниясының Бакуден-Грозный бағытында ұшып бара жатқан Embraer 190 ұшағы апатқа ұшыраған.

Сондай-ақ оқыңыз