Ұшақ апаты салдарынан асыраушысынан айырылған отбасыларға 5 млн теңге бірреттік төлем беріледі
Ақтау маңында болған ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтардың отбасыларына әлеуметтік төлем тағайындалады. Бұл жөнінде ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ахмади Сарбасов хабарлады. Егер отбасында табыс тауып отырған адам қаза тапқан босла, 5 млн теңге бірреттік төлем беріледі.
– Жергілікті құрылым арқылы демеушілермен және жұмыс берушілермен өзара жұмыс істетйін боламыз. Әрине, бірреттік көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта мөлшері анықталуда. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдерге келсек, республикалық бюджет арқылы әрбір отбасына тиісті төлемдер төленетін болады. Асыраушысынан айырылғандарға 138 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы 257 мың теңге, – деді Сарбасов.
Айта кетейік, бұған дейін ұшақ апатын зерттеп жатқан мемлекеттік комиссия зардап шеккендерге көмек ұйымадстыратынын хабарлаған болаты. Бүгін, 26 желтоқсанда, Ақтауда емделіп жатқан Әзербайжан елінің 14 азаматы арнайы келген әуе көлігімен еліне қайтты. Оның алдында Ресей өз тұрғындарын алып келуге ұшақ жіберді. Бұған дейін екі адам ауыр халде жатқаны туралы жазған едік.