Израиль премьері Нетаньяхудың әйелі Үкімет қылмысын жасырғаны үшін тергеуге ілінді
Израильде премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың әйелі Сара Нетаньяху Үкімет қылмысын жасырған деген күдікпен қылмыстық іс тіркелді.
CNN ақпаратына сүйенсек, тергеуді Uvda тергеу қызметі бастаған. Қызметтің ақпаратына сәйкес, Сара Нетаньяху Үкімет басшысының сыбайлас жемқорлығына қатысты істе куәгерлер болған азаматтарға қысым жасаған болуы мүмкін. Бұған қоса, ол өз күйеуінің саяси қарсыластарына да қысым көрсетті деген күдікке ілінген. Қазір тергеу Израильдің Бас прокуратурасының қарамағына өткен.
Uvda тергеу бағдарламасының есебінде Сара Нетаньяху саяси қарсыластарға қысым жасап, сот процесінің негізгі куәгері Хадас Клейнді қорқытып, үкімет қылмысын жасыруға тырысқан деп айтылған.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың өзі бұл есепті жоққа шығарып, ақпаратты жалған деп атады. Бұған қоса, өз әйелінің Израиль халқына жақсылық жасап жүргені туралы да айта кеткен.
Израильмен Палестина арасындағы қақтығыс жалғасып, Израиль әскері Сирияға енген кезеңде ел ішінде премьер-министрдің қызметіне сенімсіздік танытушылар көп. Олардың кейбірі Нетаньяхуды сотқа тартуды ұсынған. Қазір ол басқаратын Үкіметтің жемқорлық әрекеттері туралы іс тергеліп жатыр. Істегі басты куәгерлердің бірі Хадас Клейн есімді оппозиционер.