Azerbaijan Airlines Ақтау маңындағы ұшақ апатының алдын ала себебін атады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Azal
Апатқа дейін ұшаққа «сырт жақтан физикалық және техникалық әсер» болған / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров

Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағының апатқа ұшырауына «физикалық және техникалық сыртқы әсер» себеп болған. Әуе компания бұл нұсқаның тергеу материалдарында қарастырылып жатқанын нақтылады. Алдын-ала тергеу нәтижесі осындай мәліметті көрсеткен.

«Бұл шешім Әзербайжанның Азаматтық авиация жөніндегі мемлекеттік агенттігімен Embraer ұшағының апатын алдын ала тергеу нәтижелерін ескере отырып қабылданды. Тергеу нәтижелері бойынша ұшақ физикалық және техникалық сыртқы әсерге ұшыраған. Сондай-ақ ұшу қауіпсіздігіне байланысты ықтимал тәуекелдер де ескерілді», — деп хабарлады Azerbaijan Airlines баспасөз қызметі.

Ақтау маңындағы апаттан кейін Azerbaijan Airlines Грозный, Махачкала, Владикавказ, Минералды Сулар, Сочи, Волгоград, Уфа, Самара, Саратов және Нижний Новгород қалаларына ұшуды тоқтатты. Алайда Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань, Екатеринбург және Новосібір қалаларына рейстер жалғасуда.

Росавиация басшысы Дмитрий Ядров болса, Ақтаудағы ұшақ апаты болған күні Грозный әуежайы жабық болғанын айтады. Мұның алдында Росавиация апатқа ұшыраған ұшақ құстарға соғылды деп мәлімдеген еді. Әзербайжандық депутат ұшақ апатына байланысты Ресей тарапы кешірім сұрауы керек деп есептейді.

Сондай-ақ бүгін, 27 желтоқсанда, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы маңында құлаған Embraer ұшағын өндіруші компанияның өкілдері Бразилиядан Қазақстанға келді.

Сондай-ақ оқыңыз