Алматы тауларындағы кейбір үйлердің бағасы Альпідегі үйлерден де қымбат

Жарияланды (жаңартылды )

Іле Алатауындағы ең қымбат үй Shymbulak курорты маңында тұр./Фото: Илья Ким

Алматы тауларындағы тау курорттары маңындағы үйлердің бағасы аспандап тұр. Былтыр осы жерлердегі ең қымбат үйдің бір шаршы метрі 5,34 млн теңге болған еді. Биыл бұдан 35%-ға қымбаттаған. Қазақстанда таудағы үйлер нарығы қатты дамымаса да, баға Альпі тауындағы үйлерден бір мысқал кем емес.

Іле Алатауындағы ең қымбат үй Shymbulak курорты маңында тұр. Ағаш бөрене мен жылу ұстайтын блоктардан соғылған үйдің бағасы шаршы метріне 5,34 млн теңге деп бағаланып отыр. Дизайны көне, жөндеу көрмегеніне көп болса да, лот құны – 2,916 млрд теңге. Мұндай бағаға Альпі тауларындағы курорттардан керемет жылжымайтын мүлік сатып алуға болады. Мәсесен, Les Gets (шаршы метрі  9,6 мың евро) және Morzine (9,4 мың евро), сондай-ақ Швейцарияның Champéry (9,1 мың евро).

Екінші орында минимализм стилінде салынған, панорамалық терезелері бар барнхаус иемденіп отыр. Бұл үйдің ауданы 300 шаршы метр. Әр шаршы метрі –3,7 млн теңге. Лот құны –1,125 млрд теңге.

Үшінші орын Медеу маңындағы ағаш үйге тиесілі. Қоршалған 15 сотық жері бар. Ауданы – 303 шаршы метр. НОNKA фин компаниясының бөренелерінен салынған. 2008 жылы салынған үй 750 млн теңгеге сатылмақ. Шаршы метрі 2,23 млн теңге болып шығады.

Сондай-ақ оқыңыз